Гражданский кодекс Республики Казахстан
Кодекс Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года № 268-XIII.
ОБЩАЯ ЧАСТЬ
Раздел 1. Общие положения
Глава 1. Регулирование гражданско-правовых отношений
Статья 1. Отношения, регулируемые гражданским законодательством
1. Гражданским законодательством регулируются товарно-денежные и иные основанные на равенстве участников имущественные отношения, а также связанные с имущественными личные неимущественные отношения. Участниками регулируемых гражданским законодательством отношений являются граждане, юридические лица, государство, а также административно-территориальные единицы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI
Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII.
Жалпы бөлім
1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №268-ХIII Кодексі.
Жалпы бөлім
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңнама реттейтін қатынастар
1. Азаматтық заңнама тауар-ақша қатынастарын және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастарды, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарды реттейді. Азаматтық заңнама реттейтін қатынастардың қатысушыларына азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктері кіреді.