ЖОБА АВТОРЫ
Автор
Сағидолла
Мүтиғоллаұлы
Баймұрат
Қазақ заңнамасындағы өрескел қателердің масштабы қазақ халқының құқықтық сауаты өте төмен деңгейде екенін көрсетті.
Сағидолла - елдік және халықаралық дейгейде жан-жақты әрі терең 12 жылдық тәжірибесі бар, иңглиш тілін еркін меңгерген мықты заңгер. Ол - "Қазақ-орыс заң сөздігі: заңнамадағы қателер және түсіндірмелер" атты еңбектің авторы. Практикалық білімді сауатты құқықтық қазақ тілінде көпшілікке таратуды мақсат етіп, ОЗАР жобасын әзірлеп, сіздерге ұсынып отыр.
Білімі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Заң факультеті, "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша құқық бакалавры
2009 - 2013
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Заң факультеті, "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша
құқық ғылымдарының магистрі
London School of Economics and Political Science,
Master of Laws, International Business Law
2013 - 2015
2015 - 2017
ТӘЖІРИБЕСІ
Сағидолла 2013 жылдың сәуір айынан бастап заң консалтингі нарығында еңбек етіп келеді. 5 жылдың ішінде заңгердің көмекшісінен бастап, заң фирмасының бас директоры лауазымына дейін жетті. Қазіргі таңда елдік және халықаралық деңгейде қазақ, орыс, иңглиш тілдерінде заң консалтингі қызметін көрсетіп келеді.
Құқықтық білім беру және құқық ғылымы саласында 2019-жылдан бері еңбек етіп жүр.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Maqsut Narikbayev University білім ордасында "Құқықтану" оқу бағдарламасының жетекшісі лауазымын қатар атқарып келеді.
2023 жылдан бастап Республикалық терминологиялық комиссияның (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) мүшесі.

ЕҢБЕКТЕРІ

Сағидолла - заң консалтингі саласында белсенді жұмыс істеп жүрген практик.
Оның практикасы қазақ тілінде жазылған (орысшадан аударылған) заңнамадағы көптеген қателерді жинақтауға мүмкіндік берді. Сол қателерді түзетуге бағытталған өзі дұрыс деп тапқан ұсыныстарын арнаулы сөздікте көпшілікке ұсынып отыр.
"Қазақ-орыс заң сөздігі: заңнамадағы қателер және түсіндірмелер" атты бірегей құралы 2025 жылдың 16 ақпанында жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Ғылым жəне жоғары білім министрлігі Респбуликалық оқу-əдістемелік кеңесінің (РОƏК) «Құқықтану» бағыты бойынша Оқу-əдістемелік бірлестігі 2024 жылғы 27 қарашадағы №1 Хаттамасында осы Сөздікті оқыту процессіне қосуға болады деп мақұлдады. ISBN 978-601-82105-5-6.
Заң көмегінің түрлері
бойынша бағалары:
Сағидолланың жеке көмегі қажет болса,
Ауызша консультация
Құжаттармен танысу барысындағы консультация
Сотта өкіл болып, мүдделеріңді қорғау
20 000 тг/сағ
40 000 тг/сағ
Талапарыз сомасынан 15%